Павлодар облысында 16 ауыл арақ-шараптан бас тартты

Автор: Асыл Арман

Қазір бұл ауылдарда тәртіп пен тыныштық орнап тұр

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында 16 ауыл арақ-шараптан толықтай бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Екібастұз қаласының полиция және прокуратура жобасын 15 ауылдық округтің әкімдері қолдады: Құлакөл, Қарасор, Құдайкөл, №3 Бөлімше, Төртүй, Тай, Көксиыр, Қаражар, Мыңтомар, Ақши, Алакөл, Зеленая Роща, Жақсат, Сапқамыс, Қуандық. Бірнеше жыл бұрын Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тұрғындары алкогольдік ішімдіктерді сатудан және тұтынудан бас тартты», - деді Екібастұз қаласы ПБ ЖПҚ бастығының орынбасары Медет Бейсенов.

Мысалы, Құлақөл елді мекенінде 500-ге жуық адам тұрады. Ауылда бір мектеп, балабақша бар, ал мұнда алкоголь сатылмайтын үш дүкен бар. Ауыл тұрғындары бір-біріне құрметпен қарайды, мал бағады, балаларын тәрбиелейді, барлығы дерлік жұмыс істейді. Ауылда достық пен тыныштық орнады. Ақсақалдар алған білімдерін пайдалана отырып, ауылды абаттандыру бойынша белсенді жұмыс істейтін жастарға үлгі көрсетеді: олар ағаш отырғызады, сенбілікке шығады, футбол ойнайды, ал қыста хоккейге мұз айдынын құяды.

Полиция мұндай ауылдардың саны тек артады деп үміт артып отыр. Тәртіп сақшылары қылмыссыз қоғам құру бойынша жұмысты жалғастыруда.

«Тұрғындардың алкогольден саналы түрде бас тартуы және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару ауылдың дамуына ықпал етеді. Жергілікті дүкен иелері мен тұрғындар саналы түрде салауатты өмір салтын таңдады. Көшеде мас адамдарды кездестіру мүмкін емес, барлығы жұмыспен айналысады және тәртіпті өмір сүреді. Тұрғындардың алкогольден бас тартуы қылмыстардың болмауына, құқық бұзушылықтар мен отбасылық жанжалдардың алдын алуға ықпал етті.Жүйелі жұмыстың арқасында соңғы жылдары ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ», - деп хабарлады учаскелік

Бұл ауылдардың тұрғындары алкогольден бас тартудың арқасында өздерін қауіпсіз және жайлы сезінетінін, ал олардың елді мекендерінде тәртіп пен тыныштық орнағанын атап өтті.