Тоқаев Қазақстанның Украинадағы елшісін ауыстырды

Автор: Асыл Арман

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинадағы елшісін ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Оның орнына бұл лауазымға мемлекет басшысының жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев тағайындалды.