Қасым-Жомарт Тоқаев жеті мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтады

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенім грамоталарын тапсырған елдер:

  • Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов,
  • Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс,
  • Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда,
  • Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун,
  • Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки,
  • Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,
  • Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.