Шеруге ТЖМ техникалары жұмылдырылатын болады
Астанада 7 мамырда Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет ведомствоның 170 әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олардың арасында төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бастамасымен құрылған «Айбат» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері бар.
Шеруге қатысушылар орналасқан әскери лагерьге ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев келді. Ол дайындық пен тәртіптің жоғары деңгейін атап өтті.
«Шеруге ТЖМ техникасы – «АЛАН» броньды автомобильдері және «Айбат» бөлімшесінің арнайы машиналары да тартылатын болады.
Шеруге қатысу бүкіл ведомство үшін маңызды іс-шара болды. Бұл тек саптық түзету мен техникалық жарақтандыруды көрсету ғана емес, сондай-ақ ардагерлердің ерлігіне құрмет көрсету», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.