Қазақстанда доллар құны қымбаттап барады

Автор: Асыл Арман

16 сәуірдегі ресми бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 521,67 теңгені құрап, 4,67 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

ҚР Ұлттық Банкі доллардың 16 сәуірдегі ресми бағамы н 516,91 теңге етті.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 521,52 теңгеге, сату – 524 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 519,51 теңгеден сатып алынады, 526,51 теңгеден сатылады.