Алматыда есірткі өсірген фитозертхана табылды: 21 килодан аса марихуана тәркіленді

Автор: Асыл Арман

Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдік, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді.

Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады.

Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мұндай арнайы іс-шаралар – Профилактика жылы аясында есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жүйелі жұмысының бір бөлігі болып саналады. Дер кезінде ден қоюға, қызметтер арасындағы белсенді өзара іс-қимылға және жедел ақпаратты тиімді пайдалануға баса назар аударылады», - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.