ТЖМ қызметкерлері ер адамды құтқарды
Семейде Ертіс өзеніне көлігімен бірге батып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Семей қаласының «112» қызметінің пультіне Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралының ауданында 1988 жылы туған жеңіл көліктің жүргізушісі ауыл жолымен жүріп өтіп, өзенге кіріп кетіп, суда қалғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына келген құтқарушылар көліктің терезе бойымен суда тұрғанын, ал жүргізушісі автокөліктің төбесіне өздігінен шыға жансауғалап тұрғанын көрді.
«Құтқарушылар алдымен ер адамды жағаға апарып, оны жылытып, содан кейін көлікті шығарып алды.
ТЖМ жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады! Өз өміріңізге және басқалардың өміріне қауіп төндірмеңіз!» - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.