Оңтүстік Корея астанасына 80 жылдан кейін алғаш рет сәуір айында қар жауды

Автор: Аягөз Құрмаш

Соңғы рет мұндай ауа райы 1944 жылы болған

Фото: Yonhap News

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында сәуір айында қар жауды. Бұл табиғи құбылыс ел тарихында соңғы 80 жылда алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соңғы рет Сеулде сәуір айында қар 1944 жылы жауған болатын.

Сенбі күні басталған температураның күрт төмендеуі мен күшті жел ел бойынша қолайсыз ауа райын туғызды.

Соның салдарынан:

  • Әуе рейстері кейінге шегерілді немесе тоқтатылды,
  • Кеме қатынасы да уақытша үзілді.

Сеулде ауа температурасы +2...+4°C деңгейіне дейін төмендеді.