Прокуратура түсініктеме берді
Қызылорда облысында мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қызылорда облысы бойынша Бақылау басқармасының бас маманы тексеру туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізген.
Тексеру нәтижесімен кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 318-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Осылайша, Бақылау басқармасының қызметкерінің заңсыз әрекеті кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған.
«Облыс прокуратурасымен бас маманға қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 2) тармағымен әкімшілік іс қозғалып, соңғыға қатысты соттың қаулысымен 55 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.