Павлодар облысында үйінде ондаған килограмм есірткі сақтаған адам ұсталды
Марихуана сақтағаны үшін Ертіс ауданының тұрғыны ұсталды

Павлодар облысында Ертіс ауданының 24 жастағы тұрғыны ұсталды, ол өз үйінің қорасында 20 кг-нан астам марихуана сақтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтауға байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар екені анықталды.
Жеке ауланың аумағында орналасқан қораның жертөлесінде тінту шараларын жүргізу кезінде полицейлер қарасора иісі бар өсімдік массасымен толтырылған 5 қап пен чемодан тапты.
«Есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның есірткі партиясын қандай мақсатта сақтағаны анықталып жатыр», - делінген облыстық ПД хабарламасында.