Электр желісіндегі апат бүгін болды
Электр желісінде болған апатқа байланысты жарықсыз қалған Астананың сол жағалауындағы тұрғын үй кешендеріне электр қуатын беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сағат 15:32-де 10 кВ кабельдік желі қалпына келтірілді. Сағат 16:28-де барлық дизельдік генератор құрылғы өшірілген. Шектеу толығымен алынып тасталды», - деп хабарлады «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада электр желісінде апат болып, салдарынан бірқатар тұрғын үй мен нысандар жарықсыз қалғаны хабарланған болатын.