Астана халықаралық әуежайында терроризмге қарсы жаттығулар өтті

Автор: Асыл Арман

Елорда әкімдігі өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды

Фото: nn-airport.kz

«Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігі өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген.

«Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек», - делінген әкімдік хабарламасында.