Іле Алатауына шыққан турист аяғын сындырып алды: құтқарушылар оны 10 км зембілмен көтеріп жүрді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол 2000 метр биікке шығып кеткен

Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстандық құтқарушылар аяғын сындырып алған туристі зембілмен 10 шақырым тасымалдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

112 – пультіне Іле Алатауының Қаскелең шатқалында ер адам жарақат алып, аяғын сындырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында болған.

«Тез арада оқиға орнына ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы шықты. Құтқарушылар теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте әрекет етіп, сол аяғы сынған жәбірленушіні тапты. ТЖМ қызметкерлері оның аяғына шиналар қойып, зембілмен тау етегінде күтіп тұрған жедел жәрдем бригадасына тасымалдады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.