Қылмыстық топты 2018 жылы 36 жастағы ер адам құрған
Ресейдің Краснояр өлкесінде қыздарды жезөкшелікпен айналысу үшін ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топты 2018 жылы 36 жастағы ер адам құрған. Топтың құрамында күзетшілер, жүргізушілер, операторлар, бухгалтер және кадр бөлімінің қызметкері бар 40-қа жуық адам болған. Ұйымдасқан қылмыстық топ Краснояр өлкесі мен Новосибирск облысында әрекет еткен.
Қылмыскерлер сауналар, массаж салондары мен пәтерлерді жалға алып, заңсыз әрекеттер ұйымдастырған. Ал ұрланған қыз балалар – негізінен жағдайы нашар отбасылардан шыққан. Оларды ұрлап әкетіп, құжаттарын тартып алған соң, мәжбүрлі түрде бас бостандығынан айырған. Ал «жұмыс істеуден» бас тартқаны үшін ұрып-соғып, айыппұл салды. Қыздардың басым бөлігі өз қызметін тегін көрсеткен.
Бүгінге дейін аталмыш қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен 20-дан астам қыз бала зардап шеккені анықталды. Ұсталған 17 адамға қатысты қылмыстық топты ұйымдастыру және оған қатысу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.