«Ешқашан ажыраспаймыз»: әнші Ғаділбек Жанай журналист Бейсен Құранбектің әйгілі сөзін әніне қосты (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әншінің жаңа туындысы жуырда жарыққа шығады

Фото: Instagram/gadilbek_zhanay

Танымал әнші Ғаділбек Жанай марқұм журналист Бейсен Құранбектің әйгілі сөзін әніне қосып, жұрттың ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің жаңа туындысы жуырда жарыққа шығады. Өнер иесі жаңа әнінен үзіндіні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Жұрт арасында кеңінен танылған журналист Бейсен Құранбектің мына бір сөзі Ғаділбек Жанайдың жаңа әніне арқау болған:

«Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылады, саған күйеу табылар, ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды», - деген марқұм журналист Ғаділбек Жанай.

Әншінің бұл әніне қатысты жұрт түрлі пікір қалдырды.

«Ажыраспаңдар, қазаққа, мұсылманға жат нәрсе», «Ажыраспаңыздар, бір жастықта қартайып, мәнді де, сәнді өмір сүріңіздер», «Ажырасу деген ойды шайтан ойға салады, сол үшін иманды болыңдар», - деп жазды желі қолданушылары.