«Суға секіріп, сол қалпы шыққан жоқ»: Павлодар облысында ер адам өзенге батып кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қазір ер адамды іздеу жұмысы жүріп жатыр

Фото: Depositphotos.com

Павлодар облысында Ертіс жағасына демалуға келген топ үшін оқиға қайғылы жағдайға айналды. Ерлердің бірі түнде суға түсіп, сол қалпы қайтып шықпаған. Қазір құтқарушылар оның денесін іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір топ азаматта балық аулап, алкогольдік ішімдік ішкен.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына жедел жетті: жеке құрамның 4 адамы, 1 техника және 1 су көлігі. Іздеу шаралары жалғасуда.

Акватория мен жағалау аймағы зерттелуде, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.