Тәжікстанда 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болды

Автор: Дәулет Ботагөз

Зілзала ошағы 16 шақырым тереңдікте орналасқан

Фото: © istockphoto.com

Тәжікстанда 6,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап. 

«Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзаланың ошағы Худжанд қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 170 шақырым қашықтықта, 16 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі UTC уақытымен 4:24 кезінде тіркелген», — делінген хабарламада.

Қазірге дейін зардап шеккендер мен қирандылар жайлы ақпарат түскен жоқ. Худжанд қаласында 190 мыңнан астам адам тұрады. Мамандар жағдайды бақылап отыр.