Ел аумағында 26 жерден су тасыған
Қазақстанда су тасқыны салдарынан 14 ауыл көлік қатынасысыз отыр. Сонымен қатар ел аумағында 26 жерден су тасып, 5 жол бөлігі шайылған, деп хабарлайды Azattyq RýhyТөтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, наурыз айының басынан бері:
Қазіргі таңда апаттық-құтқару жұмыстарына 577 маман, 179 техника, 58 мотопомпа және су көлігі жұмылдырылған. Сонымен қатар, ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар және басқа да мекемелер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысып жатыр.
«Су басқан негізгі аумақтар: Ақмола облысы: Жанатұрмыс, Колутон, Ескі Колутон, Ягодное, А.Құрманов атындағы ауыл. Бұланды ауданы: Новобратское ауылы. Бұл елді мекендерде 69 тұрғын үй мен 29 аула аумағын су басқан. Көлік қатынасы 14 ауылмен үзілген», — делінген хабарламада.
Эвакуация нәтижелері:
Эвакуацияға арналған арнайы орындар мен көліктер дайын. Сонымен қатар, ТЖМ-нің тікұшақтары да сақадай сай тұр.
Қазіргі таңда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарыерекше бақылауға алынған. Дегенмен биылғы көктемгі су тасқыны қаупі былтырғыдан айтарлықтай төмен. Көптеген өзендерде су деңгейі төмендеп, қар жамылғысы тек Шығыс Қазақстанның биік таулы өңірлерінде ғана сақталған.