12.04.2025, 23:52
Жаңалықтар
Оқушылардың буллингтен қорғану жолы: 5 ереже
Мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған
Фото: istockphoto.com
Мектеп оқушыларының буллингтен қорғануының 5 ережесі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының полиция қызметкерлері анимациялық суреттер арқылы буллингтен қорғанудың жолдарын көрсетті:
- Үнсіз қалма – ересектерге айт. Мұндай қиындықпен жалғыз күресудің қажеті жоқ. Ата-анаңмен, мұғаліммен сөйлес.
- Қорлаушыға сенбе. Буллинг жасаушылар сені қорқытып, кемсіткісі келеді, олардың сөзіне сенбе!
- Агрессиямен жауап берме. Бұл жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін. Сабыр сақта – бұл сенің күшің.
- Басқаларға қолдау көрсет. Егер біреуді ренжітіп жатқанын көрсең – бей-жай қалма. Бірге әрекет ету – тиімдірек.
- Буллинг – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
Мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған.
«Мультфильм түрінде балаларға үнсіздіктің салдары қандай болатыны және қиын жағдайда сөйлеу мен әрекет етудің маңыздылығы түсіндіріледі», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды