Қыз баланың бұл әрекетін желі қолданушылары ұната қойған жоқ
Тойлардың бірінде ер адамның артынан қалмай, әдепсіз билеген бойжеткен сынға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода ұялған жігіт шеттеп бара жатқанын, ал бойжеткеннің соңынан қалмай, билегенін байқауға болады.
Қыз баланың бұл әрекетін желі қолданушылары ұната қойған жоқ.
«Несі қызық, масқара ғой», «Ұят пен сана жоқтың салдары», «Билесін, енді артын бұлғаңдатқаны несі, ұят қой», «Мейрамханаға ұятсыз жерден келген сияқты», «Ақырзаманның белгісі шығар. Қорқынышты. Қазақтың қызына өте жат қылық», - деп жазды желі қолданушылары.