Мемлекет басшысы қала тұрғындары өте еңбекқор, таза, іскер азаматтар екенін атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы парақшасында Шымкент тұрғындары өте еңбекқор екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Халқымыз Шымкентті «шырайлы шаһар» деп атайды. Расында, бұл жердің ауа райы да, адамдары да ерекше деп айтуға болады», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Тоқаев қала тұрғындары өте еңбекқор, таза, іскер азаматтар екенін атап өтті.
«Сондықтан шаһар қарқынды дамып келеді. Алдағы уақытта да Шымкенттің тыныс-тіршілігі менің бақылауымда болады», - деп түйіндеді Президент.