$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жеңіс күніне орай өтетін шеруге дайындық: Астанада бірнеше көше жабылатын болды

Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Жеңіс күніне орай өтетін шеруге дайындық: Астанада бірнеше көше жабылатын болды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық жүріп жатыр. Осыған байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектелетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері күннің бірінші жартысында елорданың «Индустриялық қалашық» аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу іс-шаралары өткізіледі. Осыған байланысты Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек.

«Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз.

Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары