Президент Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізінің жанындағы сауда-логистика орталығын аралады

Автор: Асыл Арман

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Фото: Ақорда

Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған.

Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.