Көкшетауда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетті

Автор: Асыл Арман

Қазір қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр

Фото: freepik.com

Қайғылы оқиға 10 сәуір күні кешке Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бес жасар бала терезе алдында ойнап отырған. Алдын ала болжам бойынша масадан қорғайтын торға сүйенемін деп алтыншы қабаттан құлап кеткен болуы мүмкін.

«Алған ауыр жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Полиция қайғылы оқиғаның барлық жағдайын анықтап жатыр.