Әзілкеш Жансая өзі туып-өскен өңірде қалың мал сұрамайтынын атап өтті
Әлеуметтік желіде танымал болған әзілкеш Жансая Мұратбекқызы журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында күйеуі қалың малға не бергенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Негізі біз жақта қалың мал деген жоқ. Дегенмен салттан аттамайды, өзіңіз қанша бере аласыз, соны алады. Бірақ ана сүтін береді. Әке күші деген бізде жоқ қой деймін. Өлі-тірісі, барлығы келді. Сол кезде Дидардың отбасы бір жылқы берді. Кейінгі кезде қалың малды аз алдым ба деп ойланып жүрмін», - деп әзілдеді Жансая Мұратбекқызы.