$ 542.29  629.54  6.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда АЭС салуға үміткер төрт компанияның аты аталды

Қазақстан технологияларды әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады

Қазақстанда АЭС салуға үміткер төрт компанияның аты аталды
Фото: pixabay

Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасы бойынша реакторлық технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізімі (шорт-лист) жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің мәліметінше бұл тізімге ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы, Кореяның KHNP компаниясы, француздың EDF және қытайдың CNNC компаниясы кіреді.

"Қазақстан атом электр станцияларын салуға арналған технологияларды әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтады", - делінген хабарламада.

Жобаны жүзеге асыру үшін жеткізушіні немесе консорциумды таңдау туралы түпкілікті шешім еліміздің ұлттық мүдделерін ескере отырып, Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қазақстан #АЭС