Тұрғын «Мен жұмыстамын ғой» деп жазып, кездесе алмайтынын жеткізген
Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы әлеуметтік желі арқылы өз көшесіндегі қордаланған проблемаларды айтқан қала тұрғынын үйіне іздеп барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірақ тұрғын «Мен жұмыстамын ғой» деп жазып, кездесе алмайтынын жеткізген.
Желіде тараған видеода әкім: «Марс, сенің көшеңе келдім. Көшенің тазалығын, ағашын көріп тұрмын. Әзиза өткенде су мәселесін айтып еді. Енді уақытың болғанда келеміз, жарай ма?» дейді.
Айта кетері, Арыстанбек Әбілхайырұлы TikTok әлеуметтік желісін пайдаланады, өзіне жазған тұрғындардың мекенжайына барып, мәселені көзбен көреді.