БҚО-да тоғыз ардагер 5 миллион теңгеден әлеуметтік көмек алды
Жалпы облыста бір реттік көмекті 2135 адам алады деп жоспарланған

Батыс Қазақстан облысында көзі тірі тоғыз ардагерге 5 миллион теңгеден әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ZHAIK PRESS-ке сілтеме жасап.
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар мен соларға теңестірілген тұлғаларға арнайы көмек беру үшін бюджеттен 151,7 млн теңге бөлінген. Барлық әлеуметтік төлем сәуір айының аяғына дейін толық төленіп болады.
«Сондай-ақ қазіргі күні қаза болғандардың жесірлеріне, фашистік лагерде тұтқында болған адамдарға және кейбір аудандарда тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек төлене бастады. Осы айдың ішінде бәріне төленеді», - дейді БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдолов.