Өнер жұлдызды желі қолданушыларының бірінің сұрағына жауап берді
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева жеке өмірі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер жұлдызды желі қолданушыларының бірінің сұрағына жауап берді.
«Сізді жүкті деп жатыр. Сол рас па? Егер рас болса, құттықтаймын!» - деп сұрақ қойды әншінің жанкүйерлерінің бірі.
Әнші оның сауалын жауапсыз қалдырмай, сырын ақтарды.
«Иә. Жақында өмірге бір бөпе келеді. Айтамын. Уақыт аз қалды. Өте-өте жуық арада», - деп жауап берді әнші.
Айта кетейік, жуырда Баян Алагөзова Айгүл Иманбаеваны қалай танымал еткенін айтқаны туралы хабарланған болатын.