10.04.2025, 16:57
Жаңалықтар
Абай облысында көлік ағашқа соғылып, жүргізушісі көз жұмды
Оқыс оқиға Семей-Бородулиха жолында болды
Фото: Абай облысы ПД
10 сәуір күні таңертең Абай облысындағы Семей-Бородулиха жолының 16-шақырымында адам шошырлық апат болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
33 жастағы Volkswagen Passat жүргізушісі таңғы сағат алтыда Семейден Бородулиха ауылына жолға шыққан. Жолда ол рульге ие бола алмай, жолдың шетіне ұшып кетті. Салдарынан орман алқабындағы ағаштарға соқтығысты. Оқиғадан ер адам сол жерде көз жұмды.
«Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық полиция.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды