Дүкенге шыққан әйел үйіне қайта кіре алмаған
Жезқазған қаласында құтқарушылары үйде қамалып қалған 2 балаға көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Ю.Гагарин көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болды. Онда балақайлар үйде қалып, анасы дүкеннен қайтып оралған кезде есікті ашпаған соң, мазасызданған әйел құтқарушыларды шақыртты.
Құтқарушылар үш буынды баспалдақты балконға орнатып, арнайы шанцев құралдарының көмегімен балкон терезесін зақымдамай ашып, пәтерге кірді. Балалар аман-есен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.