Айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты
Алматыда қаланың ішінде көлігімен дрифт жасаған Қырғызстан азаматы айыппұлдың астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы полициясының қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қала аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел және жүйелі түрде бұзу дерегін анықтады.
Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол «BMW» маркалы көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқарған 19 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы болып шықты.
Жасалған құқық бұзушылықтар бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚбК-нің әртүрлі баптары бойынша 25 әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Атап айтқанда:
Айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты.
«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген кез келген азамат, азаматтығына қарамастан, еліміздің Заңнамасын сақтауға міндетті. Жол қауіпсіздігі – жеке бастың қалауы емес, әркімнің жауапкершілігі. Құқық бұзушылар жедел түрде анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл жағдай жазасыз қалмайтынының көрсеткіші. Алматы полициясы осындай деректерді анықтау жұмыстарын жалғастырады, оның ішінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу арқылы», - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Видео: Алматы қаласының Полиция департаменті