Актер өз сөзінде өзі екінші әйел алғысы келмейтінін ерекше атап өтті
Танымал актер Шерхан Пірназар екінші әйел алу мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер өз сөзінде өзі екінші әйел алғысы келмейтінін ерекше атап өтті.
«Кез келген еркектің арманында, қиялында бар-ау. Бірақ десек те оның барлығына уақыт жауап береді. Бірақ алмаймын, алғым келмейді. Не істеймін оны? Проблема етіп. Проблема аздай, қайтадан бір біріне қабаттастырып. Егер ішің пысса алуға болады. Егер сол келетін проблемаларға төтеп бере алатындай жағдайың болса алуға болады. Ал егер қауқарың болмаса алудың қажеті жоқ.
Айта кетейік, Шерхан Пірназар осыдан бірнеше жыл бұрын отбасылы бола тұра әнші, актриса Ақботанұр Сейітмағамбетке неліктен сөз салғанын түсіндіріп бергені хабарланған болатын.