09.04.2025, 08:50
Жаңалықтар
Алматыға ұшқан рейстің жолаушысы өз орнында отырып дәрет сындырды
Құқық бұзушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
Фото: istockphoto.com
Пхукет-Алматы рейсінің бортында мас жолаушы дәрет сындырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұшақ қонған кезде желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушыны ұстады.
«Көлік полицейлері мас күйінде өз орнында отырып дәрет сындырған адам 42 жастағы Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады», - делінген ведомство хабарламасында.
Құқық бұзушыға алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Көп оқылған
05.07.2026, 08:29
Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басты: коммуналдық қызметтер салдарымен күресіп жатыр (ВИДЕО)
05.07.2026, 06:39
Ұлттық домбыра күнінде Шымкентті әсем әуен тербеп тұрды
05.07.2026, 06:18
Бұршақ, найзағай,+36 градус: 5 шілдеде ауа райы құбылмалы болады
05.07.2026, 08:14
Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
05.07.2026, 14:26
Ақтауда тұрғындар жарты жылдан бері жаңа балалар алаңын күтіп жүр