Астана мен 8 облыста дабылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Қазгидромет сәрсенбі, 9 сәуірге жасалған болжамды ұсынды

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел соғады және қатты жаңбыр жауады, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада тұман түседі.

Жетісу облысында жел соғып, найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел соғады.

Жезқазған, Қостанай, Ұлытау облыстарында тұман түседі.

Қарағанды, Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейіп, тұман түседі.