Димаштың әні әлемде ең көп тыңдалған 100 композицияның қатарына енді

Автор: Алмас Ерсін

Бұл ән үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әні ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді», - деп жазды dimashnews.com.

Айта кетері, ән әлемнің көптеген елінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.