Фотодан дәлізде парталар тұрғанын, ал балалар кітап оқып отырғанын көруге болады
Әлеуметтік желіде Астана мектептерінің бірінде оқушылар дәлізде сабақ оқып жатқаны жайлы сурет тарап кетті , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фотодан дәлізде парталар тұрғанын, ал балалар кітап оқып отырғанын көруге болады.
«№72 мектеп-лицейде барлық оқушы арнайы жабдықталған кабинеттерде оқиды. Фотодағы оқушылар сабаққа ерте келіп, өз бетінше оқып жатыр», - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, Қазақстанда алдағы күзде 370 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Құжаттарды бірінші сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады.