«Сүйемін. Ғашықпын. Жақсы көремін»: Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанов түріктің әйгілі әніне вальс биледі (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Әйгерім Қалаубаева жұртты ойға қалдыратын жазба қалдырды

Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Әйгерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанов түріктің әйгілі Çalıkuşu мелодиясына вальс биледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйгерім Қалаубаева өнердегі әріптесімен билеген видеосын жариялап, жұртты ойға қалдыратын жазба қалдырды.

«Шіркін, адам баласының бәрі өтірік, бірін-бірі алдау, сыртынан балағаттау дегендердің не екенін білмесе ғой... Мына әлем қандай керемет болар еді! Әрқашан бір-біріне сенім артқан жандар, еш боямасыз бейнелер, шынайы сезімдер мен ақ қағаздай таза да пәк өмір, бейкүнә періштедей адамдар...

Иә, иә, иә, осындай шынайылықты армандаймын! Бүкіл адамзат ондай болмаса да, менің жанымда, айналамда сондай жандардың жүргенін қалаймын! Қасымдағылардың жүздерінен қаталдық, арамдық, өтірік, кулық сияқты дүниелерді көргім келмейді! Мен өз тарапымнан айналама арай шашқым келеді! Ешкімнің көңіліне дақ түсірмей, бәріне қорған бола алмасам да, әрқашан қолдау таба алатын жан болғым келедi... Мен адамдардың бәрін СҮЙЕМІН, бәріне ҒАШЫҚПЫН, бәрін ЖАҚСЫ КӨРЕМІН!!! Бұл – менің шындығым...» деген екен Арай деген ару», - деп жазып, әнші жұртты ойға қалдырды.

Айта кетейік, Нұрлан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева көңіл жарастырып жүргені туралы сыбыс тараған болатын.