«Мына әдемілікті шешеміз»: Қайрат Нұртастың әйелі жас жігітпен көзге түсті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Әншінің жұбайы сән апталығында модель болып, подиумға шықты

Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сән апталығына қатысып, жас жігітпен көзге түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің жұбайы сән апталығында модель Алмат Асқармен фототүсірілімге қатысып, подиумға шықты.

«Алмат Асқар – модель, жалпы хэйр-стилист, визажист. Қазір Алмат екеуіміз не істейін деп тұрғанымызды көрсетеміз. Мына әдемілікті шешеміз», - деп Жұлдыз Әбдікәрімова подиумнан кейін басындағы парикті көрсетті.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың әйелі «сезімім сөнді» деп балаларын алып, шетелге кетіп қалғаны хабарланған болатын.