Олар 7 сәуір күні жоғалып кеткен
Қостанай облысының Рудный қаласында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
7 сәуірде Рудный қаласында полицияға «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасын қолдау орталығы» екі тәрбиеленушісінің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
15 және 17 жастағы жасөспірімдер мекемеден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Бұған дейін де 15 жастағы жасөспірім қашып кеткен болатын.
Оларды іздестіруге 20 бірлік техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті, сондай-ақ Рудный қаласының тұрғындары жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді.
Іздеу іс-шаралары сол сияқты Қостанай ауданының жақын ауылдарында жалғасуда, өйткені жасөспірімдерді Сергеев және Константиновка ауылдарында соңғы рет көрген.
Болжам бойынша, олар жаяу жүруді жалғастыруда.
Полиция департаменті жарты сағаттай бұрын олардың аман-есен табылғанын хабарлады.