Оралда бұрын-соңды болмаған рекорд орнатылды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі рекорд орнатылғанын хабарлап, арнайы сертификатты табыстады

Фото: Медет Медресов

Оралда арқан тартыстан Қазақстан рекорды орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спорттық іс-шара Тұңғыш президент атындағы орталық алаңда өтті.

«200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты», - деп хабарлады БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Жарыс кезінде "Жайық" және "Еділ" командалары кім мықтыны анықтады. Тартысты бәсекеде "Жайық" командасы жеңіске жетті. Бұл жетістік Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов рекорд орнатылғанын хабарлап, арнайы сертификатты табыстады.