Тоқаев Сербия президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Автор: Асыл Арман

Екі елдің президенттері телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Тараптар Қазақстан президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.