Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды
Алматыда ер адам тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Ғаламторда әйелімен жанжалдасып қалған ер адамның үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені жазылған.
Бұл іске полиция пікір білдірді.
«Оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Ер адамның үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлауының мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Ер адам қазір қаладағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр.