$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытау облысында шұңқыр жолдарға алғаш рет суық битумды асфальт төселеді

Жұмыстар дүйсенбіден басталып, қала аумағындағы 30 көшенің жолдарын жөндеу қарастырылған

Ұлытау облысында шұңқыр жолдарға алғаш рет суық битумды асфальт төселеді

Ұлытау облысында шұңқыр жолдарды бітеу үшін алғаш рет суық битумды асфальт төселетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс көлемінде жолдардың шұңқырларын жою үшін алғаш рет суық битумды асфальт қолданылып, жаңа технологиямен төселетін материал бүгіннен бастап пайдалануға берілмек.

Бірінші кезеңде Қызылорда облысынан Сәтбаев қаласына 161 тонна суық битумды асфальт жеткізілді. Жұмыстар дүйсенбіден басталып, қала аумағындағы 30 көшенің жолдарын жөндеу қарастырылған.

Суық битумды асфальт – қиыршық тас пен тұтқыр битумнан тұратын арнайы қоспа. Ол қыста 20°С-қа дейін және жазда кез келген температурада қолдануға жарамды, алдын ала қыздыруды, араластыруды және арнайы жабдықты қажет етпейді. Бұл жол жөндеу жұмыстарының жылдамдығын арттырып, сапасын тұрақтандырады.

Серіктес жаңалықтары