Жалқау адамды қалай тануға болады: 5 жаман әдет

Автор: Бақыт Шынар

Оларға жұмыс істеу үшін ішкі мотивация табу қиынға соғады

Фото: the-challenger.ru

Elenashevchuk.com жалқау адамға тән 5 жаман әдетті тізіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1. Жұмысты кейінге қалдыру: «Ертең бастаймын».

 Жалқау адам өзіне: «Ертең бастаймын» деп жиі айтады. Бірте-бірте күйзеліс пен қанағаттанбау сезімін тудыратын шаруалар қордалана бастайды.

2. Жоспар құрмау: «Бәрібір ештеңеге үлгермеймін».

Жалқау адамдарға жоспарлау ойға қонбайтын іс көрінеді, өйткені бәрібір ештеңе үлгермеймін деп ойлайды. Дегенмен нақты жоспардың болмауы бейберекеттікке және уақытты босқа өткізуге әкелуі мүмкін.

3. Мотивацияның болмауы: «Маған қызық емес».

Жалқау адамдарға жұмыс істеу үшін ішкі мотивация табу қиынға соғады. Олар бірдеңеге қызықпаса, оны істеудің қажеті жоқ деп санайды.

4. Өзін ұстай білмеу: «Ертең міндетті түрде істеймін».

Өзін-өзі тәрбиелеудің болмауы жетістікке жетуге үлкен кедергі болуы мүмкін.

5. Басқалармен салыстыру: «Оған бәрі оңайырақ».

Жалқаулар көбіне өзін басқалармен салыстырып, олардың табысты жұмысын ғана көреді, бұл табыстың артында қажырлы еңбек жатқанын байқамайды.

Тегтер: