АҚШ-тағы жаппай бей-берекетке себепші болған Джордж Флойдтың өліміне полицияның айыпты екені ресми түрде расталды
Танымал әнші Димаш Құдайберген полицейдің қолынан қаза тапқан афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне байланысты АҚШ-та болып жатқан жаппай наразылыққа қатысты жазба қалдырды.
«Жаман ұлт болмайды, жаман адам болады. Ондай жандар барлық жерде бар. Адамдардың бәрі тең. Бәріміз ерте ме, кеш пе, Жаратқаннын алдына барамыз. Менің жақсы араласатын афроамерикалық достарым бар, олар өте талантты және өте жақсы жандар. Әлемде бейбітшілік болсын. Бәріміз бұл өмірге қонақпыз. Расизмге жол жоқ», - деп жазды ол.
Айта кетейік, жаппай тәртіпсіздікке Миннесота штатында 46 жастағы афроамерикалық азамат Джордж Флойдтың тәртіп сақшысының қолынан қаза табуы себеп болған еді. Осы қайғылы оқиғадан соң Американың барлық штатын шерулер шарпып, әділдік талап еткен жұрт ереуілге шықты. Оны Black Lives Matter (Қаралардың да өмірі маңызды) қозғалысы бастап жүр.
Кеше АҚШ-тағы жаппай бейберекетке себепші болған Джордж Флойдтың өліміне полицияның айыпты екені ресми түрде расталды. Мұны Флойдтың отбасы жалдаған тәуелсіз сарапшылар анықтады. Бұл ақпарат қоғамы ашуын өршіте түскенге ұқсайды. Митингілер 75 қалаға жайылды. АҚШ Президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасы арқылы халықты тәртіпке шақырды.