«Бір тәулік бойы шыға алмаған»: Ұлытау облысында 3 жолаушы күтпеген жағдайға тап болды

Автор: Бақыт Шынар

Құтқарушылар келгеннен кейін олар сапарын әрі қарай жалғастырды

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары бір тәулік бойы балшықта кептеліп тұрып қалған жолаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Борсенгір ауылдық округінде жол талғамайтын автокөлік балшыққа батып қалып, 1 тәулік бойы жігіттер өздігінен шығара алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді», - деп жазылған ведомство хабарламасында.

ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техника көмегімен көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.

Көлікте болған 3 жолаушы сапарын әрі қарай жалғастырды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.