Мамырдағы үш мереке де аптаның ортасына түсіп тұр
2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 12 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамырдағы барлық мереке аптаның ортасына, 1 мамыр бейсенбіге, 7 мамыр сәрсенбіге, 9 мамыр жұмаға түседі.
Сонымен, бес күндік жұмыс аптасымен: 1 мамыр – демалыс, 2 мамыр – жұмыс, 3 және 4 мамыр – демалыс, 5 және 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9, 10, 11 мамыр – демалыс болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мереке күндерін жылжытуы мүмкін.