Қызылорда – Павлодар тас жолында жол апатынан бір адам көз жұмды

Автор: Дәулет Ботагөз

Төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Фото: ТЖД

Қызылорда – Павлодар бағытындағы тас жолда жол-көлік оқиғасы болып, бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 сәуір күні Chevrolet Cobalt автокөлігі 1153-шақырымда жолдан шығып, аударылып кеткен.

«Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазір жол апатына байланысты барлық мән-жайлар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.