Жаңартылған бағыттармен CTS ресми сайтынан танысуға болады
Астанада бірнеше автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, №6, 16, 37, 39, 42 және 503 бағыттағы қоғамдық көліктердің жүру жолына уақытша өзгерістер енгізілді.
«Құрметті жолаушылар! №6, 16, 37, 39, 42 және 503 бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді», – делінген хабарламада.
Жаңартылған бағыттармен жолаушылар CTS ресми сайтынан немесе компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан таныса алады.